Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • + 7 (7172) 505 890
  • 24 Қзн 2024

    «25 қазан – Республика күні» құтты болсын!

    «25 қазан – Республика күні» құтты болсын!

    Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    Әрбір шаңыраққа бақ-береке және ырыс тілейміз!

    Еліміздің мәртебесі тек жоғарылап, биікке шарықтай беруіне тілектеспіз!

    111

  • 18 Қаң 2024

    Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» КММ Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бірлесіп, жас арнайы педагогтарға арналған

     ?Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» КММ Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бірлесіп, жас арнайы педагогтарға арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін баланың психофизикалық дамуын бағалау» атты танымдық қалалық семинар – практикумы өтті.
    Бұл іс – шараның айрықша ерекшелігі, ПМПК қорытындысына сәйкес ерекше балаға бейінді командалық бағалауды жүргізудің теориялық және практикалық кезеңі көрсетілді. Орталық мамандары оңалту курсы барысында балалармен түзету-дамыту жұмысын қалай дұрыс құру керектігі туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагог-психологтар, дефектолог мұғалімдер, логопед мұғалімдер, тифлопедагогтар, сурдопедагогтар, мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және арнаулы мекемелердің ассистенттері семинар барысында алған теориялық білімдерін ЕБҚЕ балаға командалық бағалау жүргізе отырып, рөлдік ойын барысында көрсете алды. «5 саусақ әдісі» рефлексиясы барысында шақырылған мамандар ұсынылған ақпарат үшін барлық педагогикалық ұжымға алғыстарын білдірді.

    1

    1

    1

    1

    1

  • 27 Жел 2023

    Жаңа жыл!

    "№2 Оңалту орталығы" КММ қабырғасында жаңа-жыл мерекесі атап өтілді.
    Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен көңілді әндер мен билер орындалды. Ұл балалар "шамдар" биін билесе, қыздар "қар ұшқындары"биін билеп өз өнерлерін көрсетті. Балалар жаңа-жыл мерекесіне арнап жаттаған таппақтарын айтты. Мереке соңында балаларға Аяз ата сыйлықтар үйлестірді.
    Балалар мен ата—аналар Аяз атамен бірге естелік суретке түсті. Ата—аналар өз алғыстарын білдіріп, керемет көңіл күймен тарады.

    1

    1

    1

    1

    1

  • 22 Жел 2023

    Мамандыққа алғашқы қадамдар

    Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» КММ Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бірлесіп, жас арнайы педагогтарға арналған "Мамандыққа алғашқы қадамдар" атты танымдық қалалық семинар – практикумы өтті.
    Бұл іс – шарада, ПМПК қорытындысына сәйкес ерекше балаға бейінді командалық бағалауды жүргізудің теориялық және практикалық кезеңі көрсетілді. Орталықтың мамандары оңалту курсы барысында балалармен түзету-дамыту жұмысын қалай дұрыс құру керектігі туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. «5 саусақ әдісі» рефлексиясы кезінде Әдістемелік орталықтың бас маманы С.Е.Қасымқанова, шақырылған ББҰ мамандары барлық педагогикалық ұжымға шын жүректен алғыстарын білдірді.

    123

  • 15 Жел 2023

    Отаным менің-Қазақстан

    Біздің орталықта тәуелсіздік мерекесіне орай "Отаным менің-Қазақстан" атты мереке өтті.
    Мерекенің мақсаты: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Мереке барысында балалар өз таппақтарын айтты. Қағаз бетіне салынған мемлекеттік туымызды күн сәулелерімен безендірді. Ата-аналарға тәуелсіздік мерекесіне байланысты қима қағаздар үлестірілді. Ата-аналар сұрақтарға жауап беріп өз сыйлықтарын алды. Мереке соңында балалар алғыс хатпен марапатталды.

    1

     

    1

     

    1

    1 1

  • 07 Қар 2023

    Алақандағы бақыт және көздегі күн

    30 қазанда "Алақандағы бақыт және көздегі күн"деп аталатын педагог-психологтардың онкүндігі басталды.Іс-шараның негізгі мақсаты ерекшелігі бар балалардың, олардың ата-аналары мен мамандарының психологиялық денсаулығын жақсарту болды. Осы уақыт ішінде көптеген қызықты және көңілді іс-шаралар өтті. Әр күннің өз атауы, ұраны, дизайны болды, пайдалы ақпарат пен қуанышты көңіл-күйге толы болды."Көңіл-күй калейдоскопы" ұжымдық коллажы, психологиялық жеңілдеу қоршауы, "көңілді Сайқымазақ" арт-терапиясы, "Құшақтау минуты" флешмобы, стакандармен қызықты ойын, "Мамық қоян" сенсорлық ойыны, "Мен және сен" жұбындағы визуалды ойын, Сильверді дискотека және тағы басқа да балалардың жадында ұзақ уақыт сақталып, оларды  жаңа сезімдер, эмоциялар мен жақсы көңіл-күйге жеткізді.

    Alternative text

     

    Alternative text

     

    Alternative text

     

    Alternative text

     

    Alternative text

  • 02 Қар 2023

    Студенттермен кездесу

    Бүгін №2 Оңалту орталығының  есігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті "Педагогика және психология" мамандығы бойынша 4 курс студенттері үшін ашылды. Орталық мамандары ерекше балалармен күнделікті жұмысында қолданылатын түзету - дамыту сабақтарымен, әдіс-тәсілдерімен, құралдарымен тәжірибе жүзінде бөлісті. Болашақ психологтар орталықтағы балалармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.  Студенттер мен олардың жетекшісі педагогика ғылымдарының доценті Гүлден Қанатқызы Айкинбаева орталықтың ұжымына, №2  оңалту орталығының логопед-мұғалімі,магистр М. У. Тоғызбаеваға осы ұмытылмас кездесу үшін  өз тілектерін білдірді.

    Alternative text

     

    Alternative text

     

    Alternative text

     

    Alternative text

     

    Alternative text

     

  • 31 Қзн 2023

    "Алтын күз" мерекесі

    Біздің орталықта дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын  "Ормандағы алтын күз" атты ертеңгілік өтті. Балалар Алтын күз ханшайымымен бірге орманға саяхат жасады.  Орман тұрғындары Қоян, Кірпі, Аю, Қарақшымен кездесіп, түрлі ойындар ойнап, би билеп, аңдарға саңырауқұлақ, көкөністер мен жемістер жинауға көмектесті. Алтын күз ханшайымы балаларға сыйлығын тарту етті. Ертеңгілік соңында  арнайы күз мезгіліне ұйымдастырылған көрмеге қатысқан бүлдіршіндеріміз марапатталды. Ата-аналар лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.

    Alternative text Alternative text Alternative text Alternative text Alternative text Alternative text

  • 27 Қзн 2023

    2 оңалту орталығының дефектологтарының жыл сайынғы онкүндігі ерекше өтті

    2 оңалту орталығының дефектологтарының жыл сайынғы онкүндігі ерекше өтті, ерекше  білім беру қажеттіліктері бар балалар «Фиксики» мультфильмінің сүйікті кейіпкерлерімен кездесіп, ән айтты, би биледі және олармен тәжірибелер жасады.
    "Келіңіздер, әлемді бірге зерттейміз!"- атты бұл іс-шараның ұраны қызықты болды, өйткені күн сайын  балаларға арналған тосын сый болды: түрлі-түсті қамырмен жұмыс, «Жанартауды охяту» және «Билейтін су» эксперименттері, «Көңілді көпіршіктер»,  «Сиқырлы тамшылар» және басқа да ойын-сауық шаралары жүргізілді. Шараға ерекше балалардың ата-аналары да белсене қатысты.Ата-аналарға арналған кеңес барысында дефектологтар ерте араласу тобының жұмысын, сурдолог, тифолопедагог мұғалімдерінің жалпы алғандағы қызметі туралы ақпараттар берді және балалардың үйде бос уақытын ұйымдастыру мақсатындағы дамытушы ойындарды практика жүзінде көрсетті.Осы іс-шаралардың тиімділігінің негізгі көрсеткіштері балаларға ұсынылған қызықты жұмыстар мен олардың жағымды эмоциялары! 

    IMG-20231026-WA0020IMG-20231026-WA0021IMG-20231026-WA0022IMG-20231026-WA0023

     

  • 23 Қзн 2023

    Ата—ана шындығының заңнамасы

    23 қазан күні №2 оңалту орталығында әлеуметтік педагог Бегалина Арайлым Ғалымжанқызы "Ата—ана шындығының заңнамасы" тақырыбында ата—аналарға арналған кеңес өткізді. Мақсаты: ата-аналарға әлеуметтік педагогтің жұмысы туралы түсінік беру және ерекше білімді қажет ететін балаларды тәрбиелеуде бірқатар кеңестер беру. Сонымен қатар, ата—аналарды сергіту мақсатында екі топқа бөліп, "Республика күніне" байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Ата—аналар өз қолдарымен мерекеге арналған қабырға газеттерін жасап, тәтті сыйлықтармен марапатталды.

    Alternative textAlternative textAlternative textAlternative textAlternative text