Реабилитационный центр №2
Заманауи, арнайы мұғалімнің маңызды критерийлерінің бірі – оның кәсіби шеберлігі. Бұл туралы «№2 оңалту орталығы» КММ оқытушылары қорытынды педагогикалық кеңесте өз пікірлерін білдірді. Орталық қызметкерлері Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдістемесін пайдалана отырып, өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарға баға беріп, келесі жылға ерекше білім беруді қажетсінетін балалармен жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі. Жұмыс соңында қиында қызықты еңбектері үшін үздік мұғалімдер түрлі номинациялар бойынша мекеменің мадақтамаларымен марапатталды.
Орталығымызда балалар мерекесін тойлау жалғасуда. “AILAND” отбасылық демалыс орталығына саяхат жасадық. Балалар теңіз жануарларын көріп, жақыннан танысты. Балалардың алар әсері мен алған білімі біз үшін маңызды
“1-маусым балаларды қорғау күні” мерекелеу қарсаңында балалармен қалалық саябаққа саяхат жасап және театрға барып қойылым тамашалады.
2 Оңалту орталығының филиалында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай,орталығымыздың тәрбиеленушілеріне қайырымдылық іс-шара өткізу мақсатында Кадет сыныбы оқушылары мен орталығымыздың мамандары бірігіп" Көңілді жарыстар" атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар жарысқа қызығушылықтарымен белсенді қатысып, ата - аналар өз ризашылықтарын білдірді.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!
Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының «Ұлттық дәстүрлер» көркемөнерпаздарының қалалық байқау-сайысы өтті. Байқауды ұйымдастырушылар Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы болып табылды. Мекеме атынан логопед-мұғалімі Тоғызбаева Мамыр Усеновна вокалды-хор жанры (соло) бойынша сайысқа түсіп алғыс хатпен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған, зор алғысымызды білдіреміз.
Білім беруді жаңғырту орталығы және «№2 Оңалту орталығы» КММ бірлесе отырып ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар-практикум ұйымдастырды.
Тақырыбы: «Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарына кешенді нейропсихологиялық көзқарас».
Негізгі мақсаты: жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне ерекше балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы ақпарат беру.
Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелер:
– жұмыс жасауда қолданылатын заманауи құралдар;
– нейропсихологиялық коррекцияны ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері;
– ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен бірлескен жұмыс түрлері қарастырылды.
"Қамқорлықтың арқасында біз өрлейміз" атты логопед мамандарының онкүндігі аяқталды. Ата- аналарға топтық кеңестер, балалармен ашық сабақтар және әр түрлі логопедиялық ойындар өткізілді. Әріптестерімен өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Көптен күткен жыл сайынғы логопедтердің «Қамқорлықтың арқасында біз өрлейміз» декадасы басталды.
Негізгі мақсат – балалардың логопедиялық сабақтарға қызығушылығын белсендіру, ата-аналармен жұмыс, сондай-ақ орталықтың әріптестерімен тәжірибе алмасу.
«ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» қолдауымен «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауы қашықтан өткізілді. Педагог-психолог Мәжит Анар Жангелдіқызының жетекшілігімен "Алтын қолдар" сәндік- қолданбалы өнер номинациясы бойынша Батченко Максим *I дәрежелі* диплом. "Қазақстан-менің Алтын бесігім" номинациясы бойынша педагог-психолог Қалдыбай Аружан Ғалымжанқызының жетекшілігімен Қуанышкызы Шадияра *III дәрежелі* диплом. Жетекшілеріне алғыс хаттар жарияланды.
© 2022 Rc2. All Rights Reserved.