Реабилитационный центр №2
Астана қаласы әкімдігінің "№2 оңалту орталығы" КММ педагогтерінің біліктілік санаты туралы мәлімет
2023 жылдың 24 мамырында «№1 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті» қызметінің 10 жылдық мерейтойына орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жүрекпен сезіну» атты фестиваль өтті. Мерекелік іс-шараға біздің орталығымыздың мамандары белсене қатысып, балаларға “Эбру терапиясы”(сүтпен сурет салу), Тестопластика ( тұзды қамырдан ойыншықтар жасау) шеберлік сағаттарын көрсетті. Фестиваль соңында Орталығымыздың директоры Накыпова Венера Бугибаевна және іс-шараға белсене қатысқан мамандар Калдыбаева Бибигуль Сыздыковна және Мәжит Анар Жангелдіқызы Астана қаласы білім басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды. @kppk1_astana Ұжымын мерейтойымен құттықтаймыз! Білім саласында атқарып жатқан еңбектеріңізге жеміс тілейміз!??? 24 мая 2023 года в честь 10-летия деятельности «Кабинета психолого-педагогический коррекции «№1» прошел фестиваль «Жүрекпен сезіну» для детей с ограниченными возможностями. Специалисты нашего центра приняли активное участие в праздничном мероприятии и показали детям мастер классы «Эбру терапию» (рисование молоком), Тестопластику (изготовление игрушек из соленого теста). За активное участие в юбилейном фестивале директор Накыпова Венера Бугибаевна и специалисты Калдыбаева Бибигуль Сыздыковна и Мажит Анар Жангельдыковна были награждены Благодарственным письмом руководителя Управления образования г. Астаны. Поздравляем коллектив @kppk1_astana с юбилеем! Желаем плодотворной работы в сфере образования! ???
2023 жылдың 26 сәуірінде «Инновациялық әдістер мен техникалар арқылы ЕБҚ бар балалардың оқуы мен жазуын түзету» тақырыбымен жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық тәжірбиелік-семинары өтті. Семинар Астана қаласы әкімдігінің «№2 оңалту орталығы» КММ директоры Накыпова Венера Бугибаевна және әдіскер Сураганова Сәуле Мейрамовна жетекшілігімен атқарылды. Аталған іс-шарада ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың оқу және жазу бұзылыстарын түзетуде әдіс-тәсілдермен бөлісті. Тәжірбиелік-семинар “Алты қалпақ” әдісі арқылы қорытындыланып, бекітілді. Қонақтар алған әсерлерімен бөлісіп, алынған ақпараттар бойынша сұрақтарына жауап алды.
“№2 Оңалту орталығының”ұжымы сіздерді еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі- Республика күнімен құттықтайды.
Сіздерге бейбітшілік пен денсаулық, бақыт пен бере
Алтын күз-2022 Мерекелер біздің өмірімізді жайнатып, әр түрлі әсерлер сыйлайды. Сондықтанда әр мерекені ерекше етуге тырысамыз. Бүгін дәстүрлі «Сәлем, Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіміз аталып өтілді. «Күз көрінісі» балалар шығармашылық байқауы ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша марапатталды.
№2 Оңалту орталығының филиалында " 25 қазан - Республика күні" мерекесіне орай балаларға арналған “Толағай" атты спорттық жарыс өткізілді. Бұл мерекені ұйымдастыруға ат салысқан №20 орта мектеп “Кадет”оқушыларына, жетекшілеріне алғыс білдіре отырып,
барлықтарыңызды келе жатқан Көк байрағы желбіреген, бүгінгіде абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің «Республика күнімен»құттықтаймыз!
Оңалту орталығының балаларына "Шаттық пен мейірімділік" атты мерекелік іс - шара ұйымдастырылды. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған "Жасмин" аниматорлар орталығы мен "Bubble " отбасылық дәмханасына алғысымыз шексіз. Балалар мерекені қызықтап, ойындарға белсенді қатысты. Ата - аналар өз ризашылықтарын білдірді.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Астана қаласы Білім беру басқармасы және “№2 Оңалту орталығы” КММ басшылығы білім беру саласын дамытуда қосқан үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп біліктілік танытқаны үшін орталығымыздың бірқатар мамандарын алғыс хаттармен, мадақтама қағаздармен марапаттады.
Ұстаздар күні құтты болсын! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!
Педагогикалық кеңес
Нұр-Сұлтан қаласы «№2 Оңалту орталығы» КММ республикалық және қалалық тамыз конференцияларының тақырыптарымен бірлесе отырып, арнайы мұғалімдердің алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Баяндамашылар өткен оқу жылының қорытындысын ескере отырып мамандарға жұмыс жоспарларын таныстырды.
Жиынға қатысушылардың барлығы қызығушылық танытып, талқыланған мәселелерге белсене қатысты.
Бір қуантарлығы, жыл сайын мекеме ұжымы жас мамандармен толығып отырады, биыл да бұдан тыс қалмады.
Педагогикалық кеңестің соңында мекеме директоры Накыпова В.Б. ұжымға мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналар игілігі үшін жемісті еңбек пен жаңа бастамаларда сәттілік тіледі!
Құттықтаймыз!
Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» төс белгісімен және I-дәрежелі дипломмен орталығымыздың әдіскері Сураганова Сауле Мейрамовна марапатталды.
Марапат иесін шын жүректен құттықтаймыз
© 2022 Rc2. All Rights Reserved.